Тұрақты өткізіліп тұратын азық-түлік тауарлары бағасының деңгейін байқаудың материалдары 2006 жылдың тиісті айымен салыстырғанда ағымдағы жылдың маусымында жаңа жиналған көкөністер бағасының — 26,2%-ға, жемістер бағасының — 6,4%-ға өскенін көрсетті. Ет және ет өнімдері аталған кезеңде 11,3%-ға қымбаттады. Жылқы, қой, сиыр еті бағасының деңгейі 13-15%-ға, құс еті — 12,4%-ға, шошқа еті — 4,4%-ға, шұжық өнімдері — 5,7%-ға өсті. Сүт өнімдерінің бағасы 9,5%-ға, сары май — 4,7%-ға өсті.
Нан және жарма өнімдері бағасының өсімі 6,9% құрады. Нан 9%-ға, күріш- 8,9%-ға, жарма 8,5%-ға, ұн — 4,8%-ға қымбаттады. Кондитерлік өнімдердің бағасы 4,6%-ға өссе, қантқа 12,1%-ға төмендеуі байқалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті