Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда қант бағасы 3,8%-ға, жеміс және көкөністер — 2,3%-ға өсті. Ет және ет өнімдері бағасының өсімі 1,9%, ал сиыр еті — 2,6%, қой еті — 2%, құс еті — 1,8%, жылқы еті — 1,2%, шошқа еті — 0,6% құрады. Балык және теніз өнімдері — 0,7%-ға, нан мен жарма өнімдері 0,3%-ға қымбаттады. Жұмыртқа бағасының деңгейі — 5,9%-ға, сүт өнімдері -0,8%-ға төмендеді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында құрылыс материалдарының бағасы — 4,3%-ға, киім және аяқ киім, үй тұрмысында пайдаланылатын заттар, кітаптар мен газеттер бағасы 0,5%-дан өсті. Жеке тазалық тауарлары бағасының өсімі — 0,4%, дәрі дәрмектер — 0,3%, аудиобейне жабдықтар — 0,1% құрады. Жанармай — 2,1%-ға, дизель отыны 1%-ға қымбаттады.
Ақылы қызметтер саласында денсаулық сақтау мекемелері қызметтерінің бағасы 1,3%-ға, мәдениет және жолаушылар көлігі — 0,7%-дан, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы — 0,6%-ға өсті. Тұрғын үйді күтіп ұстау қызметтері мен қоқыс жинау — 1,2%-дан, кәріз және суық сумен жабдықтау 1%-дан, электр қуаты 0,9%-ға қымбаттады, ал ыстық су — 0,8%-ға төмендеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті