«Жалпы аймақтық өнімнің тұрақты өсуі байқалады, ол болжам бойынша 2007 жылы 1301,8 млрд теңгені құрап, өткен жылғы деңгеймен (830,7 млрд теңге) салыстырғанда 56,7 пайызға өседі»,- деп мәлім етті Асқар Мамин.
«Бұл республика бойынша Алматы мен Атыраудан кейінгі үшінші көрсеткіш»,- деді ол.
Әкім сонымен қатар, «астана экономикасының тұрақты және қарқынды өсуі инвестициялық салым көлемінің өсуіне байланысты», деп атап өтті. Оның мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы негізгі капиталған салынған инвестиция 400 млрд теңгеге жетіп жығылады.
«2007 жылғы сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 8 млр АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылғы деңгейден 45 пайызға жоғары»,- деді ол.
Сондай-ақ Асқар Маминнің хабарлауынша, қаланың өндірістік кәсіпорындары 2007 жылы 110 млрд теңге көлемінде өнім шығарып, қызмет көрсеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті