Агенттік ақпаратына сәйкес, атап айтсақ, 2006 жылдың тиісті айымен салыстырғанда ағымдағы жылдың тамызында жаңа жиналған көкөністер бағасының — 23,4%-ға, жемістер бағасының — 14,2%-ға өскен. Ет және ет өнімдері аталған кезеңде 14,8%-ға қымбаттады. Құс, қой, сиыр және жылқы еті бағасының деңгейі 17-21%-ға, шұжық өнімдері — 7,4%-ға, шошқа еті — 6,3%-ға өсті. Жұмыртқа бағасы 18,9%-ға, сүт өнімдерге — 11,5%-ға, сары майға — 6,3%-ға өсті.
Нан және жарма өнімдері бағасының өсімі 9,7% құрады. Нан 14,1%-ға, ұн — 10,7%-ға, күріш- 7,7%-ға, жарма 7,4%-ға қымбаттады. Балық және теңіз өнімдерінің бағасы 13,3%-ға , кондитерлік өнімдер — 5%-ға өссе, қант бағасы 5,5%-ға төмендеді.