Атап айтсақ, агенттіктің ақпараты бойынша, азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқаның бағасы 5,5%-ға, ұнның — 5,3%-ға, нанның — 4,5%-ға, макарон өнімдерінің — 1,1%-ға, қанттың — 1,9%-ға өсті. Ет және ет өнімдері бағасының өсімі 1,7%, ал жылқы етіне — 2,9%, сиыр етіне — 2,3%, құс етіне — 2,2%, қой етіне — 1,4%, шошқа етіне — 1,1%, шұжық өнімдеріне — 0,9% құрады. Сүт өнімдерінің бағасы 1,3%-ға өсті (айранға — 2,2%-ға, қаймаққа — 1,8%-ға, сүзбеге — 1,7%-ға, жаңа сауылған сүтке — 1,1%-ға өсті). Жемістер бағасының денгейі 1,1%-ға, жаңа жиналған көкөністер — 4,6%-ға, картоп — 7,4%-ға төмендеді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның едәуір өсуі бензинге — 2,1%-ға және кеңсе тауарларға — 1,9%-ға байқалды. Құрылыс материалдар, жуу және тазалау құралдар бағалардың өсімі 0,7%-дан, киім және аяқкиімге, үй тұрмысында пайдаланылатын заттарға, дәрі-дәрмектерге — 0,5%-дан, кітаптар мен газеттерге — 0,4%, жеке гигиена тауарларға — 0,3% құрады.
Ақылы қызметтер саласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы мен тарифтері 0,5%-ға өсті. Қоқыс жинау тарифтері 7,4%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау — 1,7%-ға, оны жөндеуге — 2,1%-ға, газбен жабдықтау — 0,6%-ға, кәріз — 0,4%-ға өсті. Денсаулық сақтау мекемелер қызметтері 1%-ға, мәдениет мекемелер — 0,5%-ға, мектепке дейін және бастауыш білім беру мекемелер — 0,4%-ға қымбаттады. Жолаушылар көлігі қызметтерінің төлемақысы 0,8%-ға өсті.