«Өткен жылы жарақат алған жауынгерлер 2006 жылмен салыстырғанда 20,4 пайызға аз болды. Өзін өзі өлтіру оқиғаларының барлығы мұқият тексерілді. Жарғыға қайшы өзара қарым-қатынастардың салдарынан өзін өзі өлтіру оқиғаларына қатысты кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылып, сотталды», — деп хабарлады Н. Сейсембев.
Сонымен қатар, Н. Сейсембаев жеке құрамның соғыстан тыс уақыттардағы шығындарының жалпы саны 10 пайызға өскендігі аса алаңдаушылық тудырып отырғандығын атап өтті. Мұның басты себебі — әскерлердің жол апатының салдарынан қайтыс болуы.
Осыған байланысты әскери бас прокуратура барлық әскери мекемелерге әскерлердің жол апатына ұшырауының алдын алу шараларын қабылдау туралы ұсыныс жасады.
«Өткен жылы науқастану салдарынан қайтыс болған әскерлердің саны өскен. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, денсаулығы әскери қызметке жарамсыз тұлғаларды әскерге шақыру жалғасуда»,- деді Н. Сейсембаев.
Әскери бас прокуратураның өткен жылғы іс-қызметінің қорытындысы жасалған кеңейтілген алқа отырысында, әскерлердің жасаған қылмыстарының, соның ішінде қылмыстық жазаға тартылатын жарғылық емес өзара қарым-қатынас деректерінің саны айтарлықтай төмендегендігі айтылды.
Сондай-ақ алқа отырысында, офицерлердің арасындағы қылмыстар да азайғандығы тілге тиек болды. «Әскери бөлімшелерді өз бетімен тастап кеткен әскерлердің саны бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай аз екендігі оңға бет алған өзгерістердің куәсі»,- деп хабарлады Қазақстан Республикасының әскери бас прокурорының аға көмекшісі, әділет полковнигі Нұрлан Сейсембаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті