2007 жылы Қазақстаннан 4000 адам қажылыққа бармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы Қазақстаннан 4000 адам қажылыққа  бармақ

2007 жылы Қазақстаннан 4000 адам қажылыққа бармақ

Семей. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Қазақстаннан 4000 адам қажылыққа бармақ. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің бас имамы Тыныштық қажы Яхияұлы хабарлады.

  • 26 Қараша 2007
  • 442
Фото - Caravan.kz

Имамның ақпаратына сүйенсек, биылғы жылы Қазақстаннан 4 мың адам қаситетті Меккеге баруды жоспарлап отыр. Олар 24 пен 60 жас аралығында. Жеті адам демеуші — жергілікті кәсіпкер есебінен барады», — деп түсіндірді Тыныштық қажы Яхияұлы, сондай-ақ, Меккеге бару үшін бір адамға 2500 АҚШ доллары қажет екенін ескерте отырып.

«Биылғы жылы Қазақстанның болашақ қажылары 10 туристік фирманың көмегіне жүгіне алады. Олардың екеуі біздің қаламызда», — деп атап өтті имам.

Тыныштық қажы Яхияұлы, сондай-ақ, қазіргі кезде қаланың орталық мешітінде зиярат етушілерге арналған екі апталық курс өтіп жатқанын хабарлады. «Имам мұсылман бауырларға қасиетті жерде өзін қалай ұстау керектігін айтуда. Себебі, ол жерде олар қиындықтармен кездесуі мүмкін ғой. Сондықтан біз оларды бірінше кезекте психологиялық тұрғыдан дайындаудамыз», — деді ол.

Зиярат етушілер қажылыққа 2-желтоқсан күні жол тартпақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті