Ұйымның түсініктемесіне сәйкес, қаржының бір бөлігі ($6,5 млн) 2006-жылдың 5-мамырында іске қосылған экономикалық даму жөніндегі Қазақстан -АҚШ бағдарламасын жүзееге асыруға жұмсалмақшы.
2007 -жылы бағдарлама аясында 11 жобаны жүзеге асыру көзделген. Олар Қазақстанда бәсекелестікті күшейту үшін экономикалық реформаларды топтастыруға, Орталық Азия аймағында ауылшаруашылығы саласындағы нырақтық байланыстарды дамытуға, аймақтық сауда-саттықты ырықсыздандыруға және кедендік реформаларды жүзеге асыруға бағытталған жобалар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, экономикалық даму жөніндегі бағдарлама аясында Қазақстан мен АҚШ 2006-2009 жылдар аралығында $40 млн, соның ішінде жыл сайын әрқайсысы 10 млн доллардан бөледі. Қазақстан үкіметі алғашқы жылы қаржының 25%-ін шығарса, бағдарламаның соңғы жылы тең қаржыландыру үлесі 50%-ке жетеді.
1992 -жылдан бері Қазақстанға қолдау көрсету бағдарламаларына USAID $500 млн бөлді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті