2007-жылдың І жартысында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 198 млн доллардан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылдың І жартысында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы  сыртқы сауда айналымы 198 млн  доллардан асты

2007-жылдың І жартысында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 198 млн доллардан асты

БАКУ. 25 шілде. Kazakhstan Today. 2007-жылдың І жартысында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 198 млн 382,9 мың доллар болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Әзербайжанның Мемлекеттік кеден комитетінен хабарлады.

  • 25 Шiлде 2007
  • 376
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік кеден комитетінің ақпаратына сәйкес, аталған көлем аясында Қазақстанға шығарылған экспорт үлесі 110 млн 723,1 мың долларды (жалпы экспорттың 4,4%), импорттың үлесі — 87 млн 659,8 мың долларды( жалпы импорттың 3,6%) құрайды. 2007-жылдың І жартысында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының оң сальдосы 23 млн 063,2 мың долларға жетті.

Жалпы алғанда Әзербайжанның ТМД елдерімен арадағы сыртқы сауда айналымы 2007-жылдың І жартысында 1 млрд 133 млн 612,5 мың долларға, немесе Әзербайжанның жалпы сыртқы сауда айналымының 29,3% құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті