2008 жылы бюджет тапшылығы Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,3% құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы  бюджет тапшылығы Жалпы ішкі өнімге шаққанда  1,3% құрайды

2008 жылы бюджет тапшылығы Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,3% құрайды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. АСТАНА. 2008 жылы бюджет тапшылығы Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,3% құрайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында 2008-2010-жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырған еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

  • 29 Тамыз 2007
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Тапшылық 197,6 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,3% құрайды деп болжануда», — деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, 2008-жылы республикалық бюджетке аударылатын жалпы түсімдер көлемі 2 трлн 692,1 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімнің 17,7% деңгейінде болмақ. Ал кіріс 2 трлн 684,7 млрд теңгеге жетеді. Салық түсімдері 2 трлн 209 млрд теңге, салық емес түсімдер — 43,5 млрд, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер — 8,7 млрд теңге болмақ. Даму бағдарламаларын қаржыландыруға арнап Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер 341,4 млрд теңге көлемінде жоспарланған.

Бюджет шығындары 2 трлн 889,7 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,9% деңгейінде болжанған. Ал әлеуметтік блокқа арналған шығындар 936,9 млрд теңге, немесе бюджеттің жалпы көлемінің 32,4% деңгейінде межеленген.