«2007-жылғы парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша жан-жақты талдау жүргізіп, бұған дейінгі ұсыныстар мен 2007-жылғы сайлаулар бойынша болуы мүмкін нұсқауларды ескере отырып 2008-жылы «Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілетін түзетулердің жобасын парламентке енгізу межеленіп отыр», — деді Қ. Тұрғанқұлов.
Осы орайда ол «Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы негізінен жаппай мойындалған халықаралық демократиялық сайлаулар стандартына сай келетінін» атап өтті. «Біз бұдан былай да заңнаманы жетілдіре түсуге бағытталған белсенді жұмыстар жүргізбекшіміз», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті