2008 жылы Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді өсіру жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді өсіру жоспарлануда

2008 жылы Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді өсіру жоспарлануда

Семей. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы ҚР-да әлеуметтік төлемдерді өсіру жоспарлануда. Бұл туралы Семей қаласында халықпен жүздесуінде Қазақстан Республикасының қаржы министрі Болат Жәмішев хабарлады.

  • 26 Қараша 2007
  • 362
Фото - Caravan.kz

«Бізде жыл сайын инфляция индексіне байланысты зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер көтерілуде. Бюджеттегі осы төлемдер сомасы келер жылы да өседі. Сонымен қатар, №2 тізімге үміткер болып отырғандар, яғни, зиянды жағдайдағы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер арнайы жәрдемақыға ие болады», — деп хабарлады министр.

«Келер жылдың бюджетін парламент қабылдап қойды. Қазір жергілікті бюджет пен жалақыны қабылдау процессі жүріп жатыр. Ол жыл санап артуда… әлдекімдер бұл аз деп айтатын шығар, алайда, жалақы осы жылдары өспеді деп ешкім айта алмайды», — деп атап көрсетті Б. Жәмішев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті