2008 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жөндеуден өткізуге 50 млн теңге жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жөндеуден өткізуге 50 млн теңге жұмсалады

2008 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жөндеуден өткізуге 50 млн теңге жұмсалады

Шымкент. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық "Отырар" телекомпаниясына сілтеме жасай отырып.

  • 25 Наурыз 2008
  • 1366
Фото - Caravan.kz

«2007 — 2009 жылдарға арналған мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы арқылы кесенеге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге 125 млн теңге бөлінген. Оның 50 миллионы биыл, тағы сондай мөлшер келесі жылы игеріледі», — деп хабарлады ОҚО мәдениет департаментінің бас маманы Александр Грищенко.

А. Грищенконың айтуынша, екі жыл бұрын кесене шатырынан су өтіп кеткен. «Оны шартты түрде ғана шатыр деп атауға болады. Себебі ол кірпіштен жиналған. Кесененің түгел құлап түсу қаупі туындады», — деп түсіндірді бас маман.

Қазір кесененің күмбезінің астында металл шатыр жасалды. Ал күмбездің өзі болса, құрылыс сатыларымен қоршалды. Жөндеу жұмыстарын 2009 жылы аяқтау көзделіп отыр.

«Негізінде жөндеу жұмыстары кем дегенде бес жылда бір рет жүргізіліп тұруы тиіс. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жөндеу жұмыстары 20-30 жылдары басталған. Одан кейін «Қазреставрация» мекемесі 80-жылдары жұмыстар жасаған. Содан соң Түріктер жөндеу жұмыстарын ХХІ ғасырдың бастауында қайта қолға алды», — деп жөндеу жұмыстары туралы құлағдар етті А. Грищенко.

Түрік құрылысшылары жасаған соңғы жөндеу жұмыстары кезінде алғаш рет негізі нығайтылды. «Түріктердің арқасында біз негізін мықтап алдық. Олар 300 атмосфералық қысыммен айдайтын механизмдерді әкелді. Олар іргетасты Арыс — Түркістан каналынан келіп, сіңе бастаған жер асты суларынан арасын бөлді», — деп хабарлады А. Грищенко.

Түрік жөндеушілеріне қатысты мамандардың реніші де айтылды. Атап айтқанда, қабырғаларды гипспен ақтай отырып олар ерекше жазуларды жоғалтып қана қоймай, тесіктерді бітеу арқылы кесененің ауа алмасу режимін бұзған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті