«Биылғы оқу жылының ҰБТ тапсырмалары қазіргі мектеп бағдарламасы аясында ғана күрделіленеді.», — деп жауап берді И. Сағындықов журналистерге берген сұхбатында.
«Егер мектеп бағдарламасында күрделі тақырыптар қарастырылса, онда оған лайықты сауалдар туындайды. Ал егер ондай күрделі тақырыптар болмаса, онда олар болмайды», — деді ол.
«Біз тестілік тапсырмаларды құрастырғанда мектап бағдарламасының аясынан шықпаймыз. Қолдан оларды не күрделілендірмейміз, не жеңілдетпейміз», — деп қорытындылады өз ойын Ұлттық тестілеу орталығының директоры.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті