2009 жылдан бастап үкімет республикалық бюджетті үш жылдық жоспарлауға көшпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2009 жылдан бастап үкімет республикалық бюджетті үш жылдық жоспарлауға көшпекші

2009 жылдан бастап үкімет республикалық бюджетті үш жылдық жоспарлауға көшпекші

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. 2009 жылдан бастап үкімет республикалық бюджетті үш жылдық жоспарлауға көшпекші. Бұл туралы бүгін өткен селекторлық жиында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Шiлде 2007
  • 453
Фото - Caravan.kz

«2009 жылғы бюджеттен бастап мемлекеттік жоспарлау жүйесі жаңа принциптерге сәйкес құрылады», — деп мәлімдеді К. Мәсімов.

«Біз бірден 2009, 2010 және 2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің жобасын жасамақшымыз. Сонымен бірге 2009 — 2011 жылдарға арналған бюджет жобасын жылдың алғашқы жартысында, яғни, мемлекет басшысының жолдауынан кейін бірден 2009, 2010 және 2011 жылдарға арналған бюджетті енгізбекшіміз», — деді ол.

К. Мәсімов вице-премьер — экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусинге бюджетті жоспарлаудың жаңа жаңа принциптері туралы облыс әкімдерін хабардарп етуді тапсырды. Үкімет басшысы сонымен бірге «таяу уақыттарда мемлекет басшысы қол қоятын «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңға сәйкес және мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес 2008-жылғы бюджетпен біруақытта 2009 — 2011 жылдарға арналған бюджетпен жұмыс істейтін топтар құру» қажеттігін атап өтті .


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті