200-ден астам мұғалім 24 млн теңге көлемінде заңсыз жалақы алған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
200-ден астам мұғалім 24 млн теңге көлемінде заңсыз жалақы алған

200-ден астам мұғалім 24 млн теңге көлемінде заңсыз жалақы алған

Жамбыл облысында 200-ден астам педагог 24 миллион теңге көлемінде заңсыз жалақы алған. 

  • 6 Сәуiр 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл қаражат негізінен мүмкіндігі шектеулі 225 баланы үйде оқыту үшін бөлінген. Бірақ мектеп мұғалімдері оларға мүлдем сабақ бермесе де жалақы жаздырып, алып келген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мұндай заңсыздық Жамбыл облысының 6 бірдей ауданынан анықталып отыр. Олардың ең көбі Байзақ ауданында. Ондағы 26 мектептің 30-ға жуық мұғалімі өткізбеген дәрістері үшін 11 миллион 200 мың теңге жалақы алған. Заң бұзушылықты прокуратура өкілдері анықтады. Осы іске қатысы бар делінген 253 білім саласының қызметкері жауапқа тартылды.

«50-ден аса мектеп директоры, 6 аудандық білім бөлімінің басшысы, 100-ден аса мектеп директоры орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ең бастысы, үкіметке келтірілген 24 миллион теңге бюджетке кері қайтарылды», – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев.


Соңғы жаңалықтар