Жарияланды: 840

2010-шы жылы Қазақстанда 930 адам діни культ құрбаны болды

2010-шы жылы Қазақстанда 930 адам діни культ құрбаны болды, деп халықаралық мәдениет және дін орталығының қызметкері Есбосын Смағұлов мәлім етті.

«Қазақстанда 2010-шы жылы 930 адам діни культтердің құрбаны болды. Олар деструктивті діни ағымдардан зардап шегіп, орталыққа көмек сұрап келгендері», - деді халықаралық мәдениет және дін орталығының қызметкері Есбосын Смағұлов бейсенбі күні «дөңгелек үстел» отрысында. Одан басқа ол «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңға түзетулерді қарастыру дін істері жөніндегі агенттік жұмысының реттеліп жатуына байланысты кейінге қалдырылғанын жеткізді. «Түзетулер діни бірлестіктерді тіркеуден өткізуді қатаңдатуды қарастырады», - дейді сарапшы. Ондағы мәліметтер бойынша Қазақстанда 2,5 мың ислам және 1,5 мың протестанттық бірлестіктер бар. Статмәліметтер бойынша, өздерін мұсылманбыз дейтіндер саны 70% да, протестанттар саны 3%-дан аспайды. «... Адамдардың ваххабиттерге кетіп жатуы мемлекет кінәсынан. Оларға секталарда теңдікті уағыздайды. Оларға онда қандай да құқық беріп, ешқандай ренжітпей, көмектесуге тырысады. Негізінен олар әлеуметтік осал топ өкілдері», - дейді Е. Смағұлов. Бұрын хабарланғандай, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дін істері жөніндегі агенттік құру туралы қаулысына 2011-ші жылы 18-ші мамырда қол қойылған. Жарлықпен ҚР мәдениет министрлігінің дін істері жөніндегі комитет жойылды; агенттік оның мұрагері деп танылды. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшінде. Деструктивтік секталардан зардап шеккендермен жұмыс істеу орталығы 2001-ші жылы Қостанайда ашылды. Қауымдастық мәліметтерінше Қазақстанда бүкіл ел бойынша 13 оратлық бар. 2011-ші жылдың соңына қарай осындай орталық әрбір облыста болады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть