2011 жылы мемлекеттік сатып алулардың жоспарланған көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы министрлігі көш бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2011 жылы мемлекеттік сатып алулардың жоспарланған көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы министрлігі көш бастады

2011 жылы мемлекеттік сатып алулардың жоспарланған көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы министрлігі көш бастады

2011 жылы орталық мемлекеттік органдардың арасында мемлекеттік сатып алулардың жоспарланған көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы министрлігі көш бастады, деп хабарлайды Goszakup интернет-порталы.

  • 17 Маусым 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

«2011 жылы орталық мемлекеттік органдардың арасында мемлекеттік сатып алулардың жоспарланған көлемі772 млрд теңгеден асады. Егер орталық мемлекеттік органдардың әкімшілері бойынша айтатын болсақ, жарияланған мемлекеттік сатып алулардың ең үлкен сомасы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне келеді – 76 млрд теңгеден аса, ең аз сома – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта – 20 млн теңгеден аса», деп мәлім еткен ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың сөздерін портал келтіріп отыр.

Нақтыланып отырғандай, ауыл шаруашылығы министрлігінен кейінгі 2-ші орында ҚР білім министрлігі келеді. Бұл ведомствоның мемлекеттік сатып алуларының көлемі Т72 млрд-тан асады. 3-ші орында қорғаныс министрлігі — Т67 млрд-тан аса.

Қаржы вице-министрінің пікірінше, электрондық мемлекеттік сатып алулар процедураның мөлдірлігін қамтамасыз етеді.

«Бірінші кезекте, бұл жемқорлықпен күрес. Бұл тұрғыда біз көптеген артықшылықтар көріп отырмыз, өйткені электрондық мемлекеттік сатып алулар ашықтықты қамтамасыз етеді. Бизнесмендердің арасындағы бәсекелестік мемлекет үшін тиімді, бұл бюджет қаржысын үнемдейді. ҚР қаржы министрлігінің алдағы міндеті – мемлекеттік сатып алулардың барлық әдістерін электрондық жүйеге енгізу», — деді Б. Шолпанқұлов.

Соңғы жаңалықтар