Жарияланды: 570

2012 жылғы наурызда Қазақстанның 17 000 000-шы тұрғыны өмірге келеді

Биыл 31 қазанда жер тұрғындарының саны 7 миллиард адамға жетеді.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Орталық Азиядағы өлім-жітім" деп аталатын халықаралық семинарда айтылды. " 2004 жылдың 28 мамырында Қазақстанның 16 000 000-шы тұрғыны өмірге келген болатын. Оның есімі - Перизат Өскенбаева. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы Бозай деген елді мекенде өмірге келді. Ал оның сыңары Бекзат Өскенбаев - 16 000 001 қазақстандық болды", - дейді ҚР Статистистика агенттігінің Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті директорының орынбасары Ерболат Мұсабеков. Оның айтуынша, Қазақстаның 17 000 000-шы тұрғыны 2012 жылдың наурыз айында өмірге келеді деп болжануда. Жалпы Кеңес одағы құлап, одақтас республикалар өз тәуелсіздіктерін жариялағаннан кейін Қазақстанда 1992-1997 жылдары өзге ұлыс өкілдерінің бірқатары өз елдеріне қоныс аударғандықтан, халық санының азаю үрдісі жүрген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін