"Жасы келген екі бейбақты несіне тілдейсіздер?" - Заңгер Бишімбаевтың ата-анасы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жасы келген екі бейбақты несіне тілдейсіздер?" - Заңгер Бишімбаевтың ата-анасы туралы

"Жасы келген екі бейбақты несіне тілдейсіздер?" - Заңгер Бишімбаевтың ата-анасы туралы

Заңгер Ләззат Ахатова Бишімбаевтың ата-анасы туралы сөз қозғады.

  • 30 Сәуiр
  • 1383
esquire.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қай-қайсысы да оңып тұрған жоқ. Ата-анасының сұқбатын әрқалай бұрмалап, әр сайт жарысып, сала берудің не қажеті бар?..Кім баласына кісі өлтір дейді? Әркім өз ісіне жауап береді. Қарт ата-анасын тілдеу дегенді түсіне алмадым. Өзін тілдей беріңіздер, жасы келген екі бейбақты несіне тілдейсіздер? Онсыз да оңай емес, оларға..Айтбек дегені де ұнамайды. Түн ортасында кішкентай қызды өлтірем деп, енесін (құдағиын) боқтаған екен. Қарындасын алып кетпей ме, сол кезде, шамасы жетсе? Шешесі мен баланың не жазығы бар? Соқталдай еркектің тірлігіне жас бала мен жасы келген әйел жауап бере ме? Апама жездем сай, қысқасы. Оңып тұрған ешқайсысы жоқ. Езіп болған жоқпыз ба, бұл тақырыпты? Лентаның ашсаң, алдыңнан осы іс шығатын болды.

Әйелді қорлайтын “еркектер” бұл істен соң, өз әрекеттерін қайта қарайтын болды, әйелге қол көтеру, ұрып-соғу Заңмен қатаң жазаланатынын біледі, өйткені. Аяқ тартады. Қоғамға тигізген пайдасы осы шығар, бұл істің. Әйелді, ананы, қыз баланы қорғайтын Заңға қол қойылды. Ал “нөміріңді айт, жалмауыз” дегендей бетпақтар одан бетер таза көк долы жалмауызға айналады. Барлық нәрсенің екі жағы бар. Пайдасы да, зияны да», — деп жазды Ләззат Ахатова.

Соңғы жаңалықтар