Аталған мерзімде әдейі ойластырылып жасалған 1120 қылмыс тіркелген, денсаулыққа ауыр залал келтірілген 1780 жағдай тіркелген.
Сонымен қатар, комитеттің деректеріне қарағанда, 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жасалған бүкіл қылмыстардың 77,9% меншікке қарсы бағытталған: 210 мың 204 ұрлық, 18 мың 832 тонау, 1361 шабуыл жасау.
Тұтас алғанда, республикада 2013 жылы тергелген қылмыстар бойынша келтірілген материалдық залалдың сомасы 304 млрд 273 млн теңгені құраған.
Комитеттен хабарлағандай, 2013 жылы тіркелген 3269 қылмыс есірткіге байланысты, бұл 2012 жылға қарағанда 7,9% аз.