«Біз осыдан 2 жыл бұрын Алматыдағы қоғамдық көліктерді экологиялық таза түріне алмастыру жұмыстарын бастадық. Жеке парктермен үлкен жұмыс атқардық, Алматы қаласындағы барлық автобус парктері жекеменшік болатын. 2 жыл бұрын біз бірінші муниципальды парк құрып, газбен жүретін 200 автобус сатып алдық», — деп атап өткен қала басшысы қазіргі таңда дәл осы бағдарламаны кеңейту, яғни газбен, электр энергиясымен жүретін қоғамдық көліктердің санын арттыру бағытында жұмыстар атқарылып жатқандығын баса айтты.
А.Есімовтің айтуынша, осы айдың соңына дейін газбен жүретін автобустар саны 400-ге жеткізілетін болады. 17 трамвай, 195 тролейбус сатып алынды. Келесі жылдың 1 тоқсанында газбен жүретін 400 автобус сатып алу көзделіп отыр. Осылайша, 2014 жылы Алматыдағы экологиялық таза көліктердің саны 1 мыңға жететін болады.