ТМД парламентаралық ассамблеясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Украина ұйымға 2013 жылы төрағалық ету керек болатын. Алайда мемлекет ол кезде Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымын басқарды. Сол себепті Киев ресми түрде бұл мерзімді бір жылға ауыстыру өтінішін жасады.
«Украинаның ТМД-ға төрағалық етуінің басымдығы ретінде құбыр көлігі арқылы тасымалдау келісімі, қызмет түрлерінің саудасы, сонымен бірге экспортты баж салығын кезеңмен алып тастау хаттамасына қол қою болмақ», — деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Сонымен бірге, ДСҰ-ның еркін сауда мен оның прициптері келісімінің негізінде ТМД аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлу көзделіп отыр. Украина ТМД базасының негізінде мәдениаралық байланыс пен гуманитарлық өзара әрекеттестікті дамытуға ниетті.