2014 жылы жер телімдерін ресімдеу мерзімдері қысқартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы жер телімдерін ресімдеу мерзімдері қысқартылады

2014 жылы жер телімдерін ресімдеу мерзімдері қысқартылады

Қазақстанда биыл жер телімдерінің құжаттарын ресімдеу мерзімдері елеулі қысқартылады, деп хабарлады аймақтық даму министрі Болат Жәмішев.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz

"2014 жылы заңға түзетулер енгізіледі, оған орай жер телімдерін ресімдеудің жалпы мерзімі 37 күнен аспауға тиіс", деді ол дүйсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"Жер басқару ресурстарына келер болсақ, мұнда да тиімді жер рыногын құру маңызды, оның ішінде баға құраудың мөлдір механизмдері болуға тиіс", деді ол.

Оның айтуынша, 2013 жылдың 1-желтоқсанына қарағанда " ауыл шаруашылығы жерлерінің 1 млн 115 мың гектары сатылған, жалпы сомасы 17,6 млрд теңге, сатылған ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы көлемінен азаматтар 704 мың гектар сатып алды, құны 13,7 млрд , немесе бір гектары 19,4 мың теңге, заңды тұлғалар болса 411 мың гектар, құны 3,9 млрд , бағасы бір гектар үшін 9,5 мың теңге".

Б.Жәмішев атап өткендей, ауыл шаруашылық жерлерінің рыногын құрудың қарқыны баяу, 10 жыл ішінде айналымға ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы көлемінің 1% ғана қатыстырылған.


"Мөлдір жер рыногын ұйымдастырған жағдайда ғана жерге қатысты бағаның мөлдірлігі мен оның тиімді айналымы туралы айтуға болады", деді ол.