2015 жылдың соңына дейін Байқоңырдан ХҒС-ына 3 ғарыш экспедициясы ұшырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылдың соңына дейін Байқоңырдан ХҒС-ына 3 ғарыш экспедициясы ұшырылады

2015 жылдың соңына дейін Байқоңырдан ХҒС-ына 3 ғарыш экспедициясы ұшырылады

 "Ресейғарыш" ХҒС бағдарламасы бойынша ұшыру кестесін бекітті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

  • 11 Маусым 2015
  • 523
Фото - Caravan.kz


Мемлекеттік комиссия 2015 жылдың аяғына дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылатын көліктік жүктік және басқарылатын "Прогресс" және "Союз" кемелерін ұшыру кесте-жоспарының түзетілген нұсқасын мақұлдады.

Таяудағы ұшырылым 2015 жылғы 3 шілдеге жоспарланып отыр. Бұл күні ХҒС-ына "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-28М" көліктік жүк кораблі ұшырылады.

23-25 шілдеде бортында халықаралық экипаж болатын "Союз ТМА-17М" ("Союз-ФГ" ЗТ) көліктік басқарылатын корабль ұшырылмақ. 8 маусымда ХҒС орбитасына түзеулер енгізілуіне байланысты оның ұшырылатын нақты күні кейінірек белгіленеді. 

Күздің алғашқы күндері ұшқыштармен және астронавтармен басқарылатын тағы бір корабль ұшырылуы тиіс. "Союз ТМА-18М" («Союз-ФГ» ЗТ) көліктік басқарылатын корабльді ұшыру 2015 жылғы 1 қыркүйекке белгіленді.

21 қыркүйекте "Прогресс М-29М" ("Союз-У" ЗТ) көліктің жүк кораблінің, екі айдан кейін 21 қарашада — "Прогресс-МС" ("Союз 2.1а" ЗТ) жаңғыртылған ғарыштық "жүк тасығышының" алғашқы ұшырылымы бекітілді, бағдарлама бойынша ұшырылым кестесін 2015 жылғы 15 желтоқсанға белгіленген "Союз ТМА-19М" ("Союз-ФГ" ЗТ) КБК аяқтайды.

Жалпы, 2015 жылдың екінші жартыжылдығында Байқоңырдан ХҒС-ына үш ғарыш экспедициясы, үш ғарыш жүк тасығышы ұшырылады, деп хабарлады БЕЛТА.