2017 жылға дейін Астана аумағының 40% жуығы орман-тоғай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2017 жылға дейін Астана аумағының 40% жуығы орман-тоғай болады

2017 жылға дейін Астана аумағының 40% жуығы орман-тоғай болады

«Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақыты жақындаған сайын елорда экологиялық қалаға айналып, жас көшеттерді көптеп отырғызып жатыр. 2017 жылға дейін Астана аумағының 40% жуығы орман-тоғай болады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Бас жоспарымен таныстыру барысында мәлім болды.

  • 8 Қаңтар 2014
  • 1020
Фото - Caravan.kz

«Қаланың аумағы, әкімшілік шекарасы — 71 000 гектар, қараша айында жас көшеттер отырғызу ұсынылды, бұл бас жоспарға қосымша. Атап айтқанда, бүгінде қала аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан табиғи парктер мен орман-тоғайлар. Бұл осының жалғасы, бұл ағаштар орман-тоғайларға, жүйелі парктерге ұласатын болады», — деді Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий astana.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қалада негізгі 7 магистраль бар, ал көшеттер солардың арасына Есіл өзенінің арнасына дейін отырғызылады. Бұл елорданы экологиялық әрі жайлы қалаға айналдырады.

«Қазіргі уақытта 14 мың гектар жерге жас көшеттер отырғызылды, бұл көрсеткіш 32 мың гектарға жеткізілмек, ал барлық құрамдас бөліктер кіретін аумақ 38 мың гектарды құрайды. Нәтижесінде, 35-тен астамын, жердің 40% жуығын табиғи парктер, орман-тоғайлар алатын болады», — деді astana.kz сайтына ведомство басшысы Виталий Силецкий.


Айта кетейік, жас көшеттер отырғызу және орман-тоғайлар жасау Астана қаласы бас жоспарын дамыту мен түзетудің басты үрдісі болып табылады.