2017 жылы ЕХРО көрмесін өткізуден үміткер болып отырған Қазақстан Париж қаласында өзінің алғашқы тұсаукесерін өткізді
Қазақстан 2017 жылы ЕХРО халықаралық көрмесін өткізу құқығына үміткер ретінде алғашқы ресми тұсаукесерін өткізді. |
Тұсаукесер салтанатын Париж қаласында Франциядағы Қазақстан елшісі Нұрлан Дәненов өткізді, деп Экономикалық дамыту министрлігі мәлімдеді.
"Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросы белгілеген барлық талаптарды орындауға міндетті және Астана EXPO-2017 көрмесін табысты өткізудің қолайлы шарттарын құруға кепілдік береді", - деп қазақстандық елші Халықаралық көрмелер бюросының 149-шы Жазғы бас ассамблеясына қатысушылар алдында атапкөрсетті.
Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі орталық-азия аймағындағы елдерінде өткізілетін алғашқы халықаралық көрмеге айналуы мүмкін. Көрменің тақырыбы - "Келешек қуаты".
Астанада ЕХРО көрмесін өткізу идеясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Астананы EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындау мәселелері жөніндегі ұйымдастыру комитетін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Өмірзақ Шүкеев басқарады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін