2017 жылы ЕХРО көрмесін өткізуден үміткер болып отырған Қазақстан Париж қаласында өзінің алғашқы тұсаукесерін өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2017 жылы ЕХРО көрмесін өткізуден үміткер болып отырған Қазақстан Париж қаласында өзінің алғашқы тұсаукесерін өткізді

2017 жылы ЕХРО көрмесін өткізуден үміткер болып отырған Қазақстан Париж қаласында өзінің алғашқы тұсаукесерін өткізді

Қазақстан 2017 жылы ЕХРО халықаралық көрмесін өткізу құқығына үміткер ретінде алғашқы ресми тұсаукесерін өткізді.

  • 14 Маусым 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz

Тұсаукесер салтанатын Париж қаласында Франциядағы Қазақстан елшісі Нұрлан Дәненов өткізді, деп Экономикалық дамыту министрлігі мәлімдеді.

«Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросы белгілеген барлық талаптарды орындауға міндетті және Астана EXPO-2017 көрмесін табысты өткізудің қолайлы шарттарын құруға кепілдік береді», — деп қазақстандық елші Халықаралық көрмелер бюросының 149-шы Жазғы бас ассамблеясына қатысушылар алдында атапкөрсетті.
Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі орталық-азия аймағындағы елдерінде өткізілетін алғашқы халықаралық көрмеге айналуы мүмкін. Көрменің тақырыбы — «Келешек қуаты».
Астанада ЕХРО көрмесін өткізу идеясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Астананы EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындау мәселелері жөніндегі ұйымдастыру комитетін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Өмірзақ Шүкеев басқарады.

Соңғы жаңалықтар