Бұл туралы Астанада «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, көшедегі қозғалысты қолымен реттеуден басқасы автоматтандырылады. 2017 жылдан бастап полиция қызметкерлерінің жезлдері (ала таяқ) құрал ретінде жойылады.
«Жалпы ұсынылған құрылымдық реформалар мемлекеттік басқару реформалары кешенінде жемқорлық белгілеріне ықпал ететін жағдайларды барынша төмендетеді», — атап өтті ол.