2018 жылдың наурызында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2018 жылдың наурызында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталады

2018 жылдың наурызында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталады

2018 жылдың наурызында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сатжан Аблалиев мәлім етті.

  • 24 Қазан 2017
  • 204
Фото - Caravan.kz

«Үлкен Алматы айналма жолы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігімен салынатын болады. Қазіргі кезде Түркия және Кореядан инвесторлар табылды. Олар 150 миллиард теңгеден астам қаржыны осы жолға жұмсауға әзір. Осы орайда тиісті келісімшартты бекіту шаралары аяқталуға таяу.

Алдағы жылдың наурыз айы кезінде жолдағы құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз»,-деді Сатжан Аблалиев Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін.

Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма жолы 66 шақырымды құрап отыр. Жоба аясында 6 жолақты автомагистральдің құрылысы ескерілген. Осы орайда бұл жоба арқылы Алматының көлік жүйесіне түсіп отырған салмақ айтарлықтай төмендемек.


Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл маусымда ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үлкен Алматы айналма жолы құрылысына қатысты түсінік берген болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар