2020 жылға қарай батыста шығарылған 61 әуе кемесі сатып алынады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылға қарай батыста шығарылған 61 әуе кемесі сатып алынады

2020 жылға қарай батыста шығарылған 61 әуе кемесі сатып алынады

Қазақстандық әуе компаниялары 2020 жылға қарай батыста шығарылған 61 әуе кемесін сатып алмақ, 

  • 29 Қазан 2014
  • 328
Фото - Caravan.kz

сонымен қатар жаңа 75 халықаралық әуе қатынасын ашпақ, деп хабарлады инвестициялық және даму жөніндегі бірінші вице-министр Жеңіс Қасымбек.

"2020 жылға қарай 61 әуе кемесі сатып алынбақ. Air Astana бойынша ұшақтардың орташа жасы — 6 жас, SCAT бойынша 15 жас болмақ", деді ол Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.

Биыл Қазақстан 8 әуе кемесін сатып алды, оның ішінде 5 кемені — Air Astana, 2 кемені – Bek Air және 1 – SCAT, деді Ж.Қасымбек.


"Бұл мәселелердің шешілуі тұтас алғанда қазақстандық әуе компанияларының ұшу географиясын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек".