2020-жылы әртүрлі сезім-жүйке аураларының саны дүниежүзіндегі барлық дерт түрлерінің 15 процентін иемденетін болады - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020-жылы әртүрлі сезім-жүйке аураларының саны дүниежүзіндегі барлық дерт түрлерінің 15 процентін иемденетін болады - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

2020-жылы әртүрлі сезім-жүйке аураларының саны дүниежүзіндегі барлық дерт түрлерінің 15 процентін иемденетін болады - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

10-қазанда дүниежүзінде психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Дүниежүзілік осынау атаулы күн аясында Алматыда Нидерланды Корольдығы, Ресей, Украина, Литва және Қазақстан қалаларынан келген өкілдердің қатысуымен психология және психотерапия саласы мамандарының фестивалі өткізілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне психология және психотерапия институтынан хабарлады.

  • 6 Қазан 2003
  • 1134
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда дүниежүзінде 450 млн. адам психикалық, неврологиялық және психо-әлеуметтік сипаттағы дерттерден зардап шегуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының статистикалық мәліметтері бойынша, дүниежүзінде депрессияға шалдыққан 120 млн. адам, Альцгеймер дертіне шалдыққан 37 млн., талма дертіне ұшыраған 50 млн., құтырған 24 млн. адам бар. Жыл сайын миллион адам өз өмірін өзі қиса, 10-20 млн. адам соған әрекет жасайды.

Қазақстандық мамандар да жүйке аураларын зерттеуші мамандар мен психологтардың көмегіне жүгінетін адамдар санының арта түсуіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Психология және психотерапия институтының мәліметіне сәйкес, елімізде депрессия, ішімдікке салыну және күйзеліске байланысты аралық ақауға ұшыраған адамдар саны арта түсуде. Әйелдер мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың арту ағымы да мамандардың алаңдаушылығын тудырып отыр.
Сонымен бірге, институт мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен елімізде психология ғылымдарының 6 докторы мен 46 кандидады бар. 2002-жылғы мәлімет бойынша, еліміздегі емдеу мекемелерінде 1014 дәрігер-психиатр, соның ішінде 72 бала дәрігері, 19 жасөспірімдер психиатры мен 7 сексопатолог жұмыс істейді. Еліміз бойынша 5500 төсекке есептелген 15 психиатриялық аурухана (жындыхана) бар.

Соңғы жаңалықтар