2025 жылы қазақстандық мұнай экспорты 90 млн. тоннаға жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2025 жылы қазақстандық мұнай экспорты 90 млн. тоннаға жетеді

2025 жылы қазақстандық мұнай экспорты 90 млн. тоннаға жетеді

Қазақстан 2025 жылға қарай мұнай экспорттаудың ең жоғарғы деңгейіне шығады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин атап өтті.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 830
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда бір ғасырдай уақыт бойы өндіріліп келе жатқан көмірсутек ресурстарының кейбір көрсеткіштеріне тоқталған министр, «Мемлекет 2020 жылға қарай мұнай экспортын барынша азайтып, ішкі тұтынуды толық қамтамасыз ете алады. Қазақстандық мұнай экспортының 90 млн. тоннаға тең ең жоғары деңгейі 2025 жылы күтілуде», — деді.

Ұ. Қарабалиннің атап өтуіне қарағанда, мұнайды сыртқы нарықтарға тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыттары ретінде КТК, Атырау-Самара, Қазақстан — Қытай мұнай құбырлары болады деп болжануда.

Сндай-ақ   Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түскен табыстарды пайдалану тұжырымдамасының жобасын мақұлдады.

Аталған құжатты Министрлер Кабинеті отырысында таныстырған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің атап өтуінше, табиғи ресурстарды, әсіресе көмірсутектері мен қатты пайдалы қазбаларды басқарудың заманауи тұжырымдамалық көрінісі бірқатар негізгі алғышарттарды қамтуы тиіс.

«Біріншіден, конституциямызға сәйкес табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады. Сондықтан тек қана мемлекет оларды пайдалану үдерісін ұйымдастырудың негізгі буыны болуы тиіс», — деді Ұ. Қарабалин.


Министрдің атап өтуінше, екіншіден табиғи ресурстар Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің негізі болып қалуда. Осыған орай ресурстарды пайдаланудың нәтижелілігі кешенді тәсілдермен саланың және жалпы мемлекет мүдделерінің теңгерілімдігіне сүйенуі қажет.

«Үшіншіден, кейбір шикізат салаларының қызметі жаһандық сипатқа ие. Бұл жәйт сыртқы және ішкі факторларды ойланып есепке алудың қажеттілігін көрсетіп отыр», — деді ол.