220 мың доллар ұтқан аргентиналық жер сипап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
220 мың доллар ұтқан аргентиналық жер сипап қалды

220 мың доллар ұтқан аргентиналық жер сипап қалды

Аргентина тұрғыны Telebingo Super Extraordinario лотереясынан 1,5 миллион песо ұтқан.

  • 10 Қаңтар 2014
  • 249
Фото - Caravan.kz

Бірақ оның қуанышы ұзаққа созылмады.

Radio 3 хабарлауынша, ойын жүргізілгеннен кейінгі үш аптадан соң, 9 қаңтарда Чубут провинциясының тұрғыны жергілікті лотерея билеттерін сататын орынға келіп, ұтысын тексерткен.

Сол жерде ол оның билетінің қомақты ұтысқа ие болғанын білген, алайда қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені сыйлықтар 6 қаңтарда таратылғандықтан кешігіп қалған.