Айыпкер ҰҚК шекара қызметінің Ан-72 ведомстволық ұшағының апатқа ұшырауына әкелген әуе ұшағы қозғалысының қауіпсіздік ережесінің бұзылуына кінәді деп танылды, деп үкімді жария ету кезінде қатысқан «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі мәлімдеді.
Үкімге сәйкес, Қ.Ақылбеков алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Мұнымен қоса, оған бостандыққа шыққаннан кейін үш жыл бойы белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Тергеу материалдарына сәйкес, диспетчер қону схемасын бұзуы салдарынан ұшақтың қауіпсіз төмендеуі үшін жасанды уақыт тапшылығын туғызған.