273 павлодарлық оқушы облыстық олимпиаданың дипломдарымен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
273 павлодарлық оқушы облыстық олимпиаданың дипломдарымен марапатталды

273 павлодарлық оқушы облыстық олимпиаданың дипломдарымен марапатталды

Павлодарда оқушылардың жалпы білім беру пәндері бойынша облыстық олимпиадасы аяқталды, деп хабарлады «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығынан.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 319
Фото - Caravan.kz

Жеті жүзге жуық қатысушылардың ішінде 273 оқушы дипломдармен марапатталды, соның ішінде 61-і І дәрежелі дипломдар алды.

№ 8 мектеп-лицейінің сегізінші сынып оқушысы Ахмад Сумекенов «Олимпиаданың жаңа есімі» аталымында жеңіске жетті.

Дарынды балаларға арналған көпсалалық облыстық мектеп-лицейі «Үздік олимпиада командасы» атағына ие болды, екінші орында № 8 лицей, үшінші орынды қазақ-түрік лицейі алды.

Баянауыл ауданының ұжымы «Үздік аудандық команда» атанды.