31 желтоқсанда не істеуге болмайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31 желтоқсанда не істеуге болмайды?

31 желтоқсанда не істеуге болмайды?

Тауық жылы қол бұлғап, есіктен ит жылы сығалап тұр

  • 31 Желтоқсан 2017
  • 249
Фото - Caravan.kz

Жаңа жылды әркім асыға күтетіні рас. Себебі жаңа жыл – жаңа бақыт, жаңа табыс, жаңа үміт. Бірақ Ит жылының дәл сіз ойлағандай болуы жаңа жылды қалай қарсы алатыныңызға да байланысты, деп хабарлайды Sputnik.

Жаңа жылмен байланысты ырым-тыйымдар, наным-сенімдер көп-ақ. Солардың бірсыпырасын еске түсіруді жөн көрдік.

Сонымен, 31 желтоқсан күні не істеуге болмайды?

Жаңа жыл қарсаңында ешкімнен ақша алмаған дұрыс. Әйтпесе бір жыл бойы қарызға батып жүресіз деген наным-сенім бар.

2018 жыл мәнсіз, ұйқымен өткенін қаламасаңыз, жаңа жыл түні сергек жүріп, ұйықтамауға тырысыңыз.

Жаңажылдық дастарқаныңыз дәмді мен тәттіге толы болсын. Бұл да келер жылы үйіңізде береке мен молшылық деген ырыммен.

Жаңа жыл алдында үйдегі жарық, сынық ыдыс-аяқтан құтылуға, терезелер мен айнаны жуып, тазалап қоюға кеңес береміз.

2018 жылы сәтсіздіктерге душар болғыңыз келмесе, 31 желтоқсан күні жыл бойғы қиындықтарыңызды ұмытып, тек көңіл сергітер тақырыптарда әңгімелескен жөн.

Ит жылын лас, жиналмаған үйде қарсы алу – жамандықтың белгісі. Себебі жаңа жылда сіздің де өміріңіздің астаң-кестеңі шығып, сәтсіздікке ұрыну қаупі бар. Сондықтан Жаңа жыл қарсаңында үйді тап-тұйнақтай жинап, жуып-тазалаған жөн. Бірақ мұны 31 желтоқсанда емес, оның алдында жасау керек.


Жаңа жылда жалғыз қалмауға тырысыңыз. Мерекені туған-туыстар мен жақын достардың ортасында қарсы алған абзал.

Өткен жылға өкпелеп, реніш сақтауға болмайды. Керісінше, бақытты сәттеріңізді көбірек еске түсіріп, шүкіршілік етіңіз. Сонда келе жатқан 2018 жылы да қуанышты сәттеріңіз мол болмақ.

31 желтоқсанда біреумен жанжалдасып, кикілжіңге бармаған абзал. Әйтпесе Жаңа жылда қас дұшпандарыңызды көбейтіп алуыңыз ғажап емес.

31 желтоқсан күні сағат кешкі 18:00-ден кейін үйден қоқыс шығаруға болмайды. Үлгермей қалсаңыз, ертесі күнге қалдырыңыз.

Соңғы жаңалықтар