Жарияланды: 540

3-тоқсандағы қорытынды бойынша ЦентрКредит банкінің кірісі 1,5 есе өсті

2003-жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша ЦентрКредит банкінің таза пайдасы 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 684 млн. теңгені құрады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне банктің баспасөз қызметінен.

Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда жалпы несиелік қоржынның проценттік өсімі есебінен проценттік жалпы өсім мөлшері 50 процентке артып 5209 млн. теңгені құрады. Сыйақыға қатысы жоқ комиссия мөлшері 48%-ке артып, 1501 млн. теңгеге жетті. "ЦентрКредит банкі" ААҚ-ның активтері жыл басынан бері 48%-ке артып, 75,4 млрд. теңгені құрады. Ал банктің несиелік қоржыны 50 млрд. теңгеге жетіп, жыл басынан бері 41%-ке, ал өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 60%-ке өсті. 2003-жылғы 1-қазандағы жағдаймен банктің жарғылық қоры 4,5 млрд. теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 52%-ке артты. Банктің жеке капиталы үстіміздегі жылдың 9 айында 51%-ке артып, 9,3 млрд. теңгені құрады. "ЦентрКредит банкі" ААҚ еліміздегі ірі 5 банктің санатында. 2003-жылдың 1-қазанындағы жағдаймен еліміз бойынша банктің 19 салалық бөлімшесі мен 62 есеп-кассалық бөлімшесі жұмыс істейді. Халықаралық Moody's Investors Service рейтинг агентігі "ЦентрКредит банкі" ААҚ-на шетелдік валюталар бойынша банк депозиттеріне қатысты Ва2 деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтинг берген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін