Жарияланды: 370

40 адам қар құрсауынан шығарылды - Алматы облысы

ҚР ТЖМ күшімен жаңа жылдың алғашқы күнінде апаттан құтқару шарасы өткізілді, деп хабарлайды аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, кеше күндіз Алматы облысы аумағындағы «Шелек-Ақтоған» жолында 15 адамы бар 5 техника қарға кептеліп қалған. Өрт сөндірушілердің күшімен көліктер жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Олар өз бағыттарымен аттанды. Зардап шеккендер жоқ Ал бұдан 4 сағаттан кейін «Талдықорған - Қапал» күре жолының 40-55 шақырымында, Абай ауылы маңында 2 жеңіл машина және 23 адам қарға кептеліп қалған. Өрт сөндірушілердің күшімен (3 адам және 1 техника) көліктер шығарылды. Олар да өз бағыттарына жүріп кетті. Зардап шекккендер болған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін