42 500 теңге берудің ережесі өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
42 500 теңге берудің ережесі өзгерді

42 500 теңге берудің ережесі өзгерді

42 500 теңге төлем берудің ережесі өзгерді.

  • 13 Мамыр 2020
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұйрыққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қол қойды.

Енді мына санаттағы қазақстандықтарға 42 500 теңге тағайындалмайды:

— БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;

— өтініш берген күніне дейін дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ БЖТ төлеушілерге;

— төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;

— еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдарға;

— егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға;


— Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға;

— толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға тағайындалмайды.

Бұйрықтың толық мәтінін мына жерден көре аласыздар.

Соңғы жаңалықтар