5 елдің елшісі Елбасыға сенім грамтоларын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5 елдің елшісі Елбасыға сенім грамтоларын табыс етті

5 елдің елшісі Елбасыға сенім грамтоларын табыс етті

Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 5 елдің елшілері сенім грамоталарын табыс етті. Олардың арасында Грузияның төтенше және өкілетті елшісі Зураб Патарадзе де бар. 

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 230
Фото - Caravan.kz

Димломат өзінің ұлттық киімі – чохамен келіпті. Қатарында тұрған өзге елшілерден үстіндегі шапанымен ерекшеленген Грузия елшісі беліне жарты метрлік қанжарын да тағып алған. Тіпті осы суық қаруы үшін Ақорда есігі алдында біраз бөгелуге де тура келді. Өйткені, Президенттің жеке күзеті қанжарды ішке алып кіруге болмайтынын ескертсе де, елші онсыз киімінің сәні кірмейтінін айтып, ақыры қауіпсіздік қызметін көндірді. Ал Словакия, Моңғолия, Қытай мен Финляндия елшілері үшін бұл кездесу қалыпты жағдайда өтті. Сенім грамоталарын табыстап қол алысты, суретке түсті. 


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Құрметті елші мырзалар! Сіздердің миссияларыңыздың маңызды және жауапты екендігін атап өткім келеді. Біздің ынтымақтастығымыздың болашағы осыған байланысты болады. Жаңа бастамалар мен жобалар арқылы оның аясын кеңейтуге жол ашылады.  Сіздерге жемісті жұмыс тілеймін.