5 жастан асқан жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексеруден өтетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5 жастан асқан жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексеруден өтетін болды

5 жастан асқан жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексеруден өтетін болды

Механикалық көлік жүргізетін 65 жастан асқан азаматтар екі жыл сайын міндетті түрде медициналық тексеруден өтетін болады.

  • 16 Қазан 2014
  • 286
Фото - Caravan.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің берген мәліметіне сүйенетін болсақ, бұл «Жол журу туралы» Заңның 29 бабына сәйкес ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап күшіне енеді, — деп хабарлайды 1720.kz.

— Қазіргі таңда жол жүру куәлігі 10 жылдан асқан барлық жүргізушілер, куәлікті ауыстыру барысында медициналық тексеруден өтулері тиіс. Жаңа Заң енгізілген соң, бұл талап 65 жастан асқан азаматтарға да қатысты болады, — деді ІІМ әкімшілік Полиция комитетінің баспасөз қызметкері Ирина Лукьянина.

Сондай-ақ, Заң бойынша жолаушылар мен қауіпті заттарды тасымалдайтын жүргізушілерді медициналық тексеруден қайта өткізу, ал осы категориядағы елу жастан асқан жүргізушілерді жыл сайын тексеру қарастырлуда.