Кейбір экономистер ресейліктердің көптеп келуінен ешқандай қауіп жоқ, дегенімен шынайы жағдай басқаша бола бастады.Баспана бағасы, пәтер жалдау ақы бірнеше есе көтеріліп кетті, Экономиканың заңы осы. Сұраныс артса, баға да барынша өседі. Мысалы: Астанадағы пәтер 120.000 болса қазір 250.000 теңгеге өскен. Ал одан қарапайым халық зардап шеге бастады.
Ал Facebook желісінде таралған мына жазбаның көшірмесі елдің ашуын келтірді. Ватсап желісіндегі әңгіменің ауанына қарағанда тағы бір қазақ қыздары пәтерсіз қалған.
Оқырмандар:
"Ақшадан өлген халықпыз ғой","Ақша үшін өз қазағын далаға ататын","Арсыздар","Неге бұлай екен?","Масқара","Қалың елім қазағым, қайран жұртым","Сабыр берсін","Жағдайы жоқтарға Алла өзі жар болсыншы",Бізде қиналып жатырмыз","Осыны реттеп қоятын басшымыз болса ғой",- деп пікірлерін жазды.
Руслан Түсіпбеков:
"Әлеуметтік желілерде кедей қазақ жалдаушылардың жан айқайы толып жатыр. Өйткені, ресейліктер көбірек ақша төлейді (кем дегенде қазақтардан екі есе), сондықтан оларға сөзсіз пәтер жалға беріледі. Қазір біз еңбек нарығындағы дүрбелеңге тап болдық. Орыстар кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайын — олар шет елде өмір сүргенімен кез-келген уақытта кете алады. Сондықтан олар біздің жұмысымызды тартып та ала алады. Ал мұның бәрі бірігіп әлеуметтік, тіпті саяси жарылысқа әкелуі мүмкін",- деп жазды.