6 жасар бала өлер алдында ішкі ағзаларын мұқтаж жандарға беруді өтінді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 жасар бала өлер алдында ішкі ағзаларын мұқтаж жандарға беруді өтінді

6 жасар бала өлер алдында ішкі ағзаларын мұқтаж жандарға беруді өтінді

Англияның Линкольн қаласында алты жасар бала өлер алдында ішкі ағзасын басқа адамдардың өмірін құтқару үшін сыйға тартты.

  • 24 Шiлде 2018
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы The Mirror хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ағзасын мұқтаж жандарға беруді өтінген Уильям Кой 17 шілде күні үйінің терезесінен құлап кетті. Оны бірден ауруханаға жеткізгенімен, бірақ екі күн бойы өмір үшін күрескен бала жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

Кейіннен, баланың жантебірентерлік ақырқы өтініші жайлы белгілі болды. Кой ауруханада жатқан кезінде қайтыс болғаннан кейін басқа науқастарға донор болуға және ағзасын мұқтаж жандарға сыйға тартуға ниет білдірген.

Оның ата-анасының досы Лаура Уилсон бала қайтыс болғанға дейін анасымен бірге қалай донор болуды қарап шыққанын айтты.


«Ол өте сезімтал және мейірімді бала болды. Ал, ол басқа отбасыларға бақыт сыйлағанын білсе, қатты қуанар еді», – деді ол.

Соңғы жаңалықтар