6 жасар бүлдіршін ментальды арифметикадан әлемдік жарыста бас жүлде алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 жасар бүлдіршін ментальды арифметикадан әлемдік жарыста бас жүлде алды

6 жасар бүлдіршін ментальды арифметикадан әлемдік жарыста бас жүлде алды

Қостанайлық 6 жастағы Рамзан Байдәулетов Дубайда өткен ментальды арифметикадан халықаралық жарыста бас жүлдені жеңіп алды.

  • 14 Қараша 2016
  • 834
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Алау” хабарлайды.

Баланың анасы Айгүл Аюпованың айтуынша, Рамзан өз категориясында бірінші болған. Ол сегіз минуттың ішінде 175 есепті шешкен.

“Ұлым өзіне берілген тапсырманың барлығын шешті. Біз ментальды арифметиканы үйрену академиясына былтыр ғана барғанбыз. Енді міне жемісін көрсетіп жатыр”, – дейді анасы.

2016-11-12-15.43-1


Қазіргі таңда бала мектеп алды сыныбына барып жүр. Ол Қостанайдағы жылдам оқу мектебін сәтті аяқтаған. Сондай-ақ, шахматпен кәсіби түрде айналысады. Рамзанда фотографиялық есте сақтау қабілеті жақсы дамыған.

Алты жасар чемпионға қазір Индонезиядағы сайысқа қатысу туралы ұсыныс түскен. Ол Балиге 2017 жылдың желтоқсан айында аттанбақ.

Соңғы жаңалықтар