64 жасар жүзуші Кубадан АҚШ жағалауына дейінгі 177 шақырымдық қашықтықты жүзіп өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
64 жасар жүзуші Кубадан АҚШ жағалауына дейінгі 177 шақырымдық қашықтықты жүзіп өтті

64 жасар жүзуші Кубадан АҚШ жағалауына дейінгі 177 шақырымдық қашықтықты жүзіп өтті

64 жасар америкалық Дайана Найад Кубадан Флоридаға дейінгі 177 шақырым қашықтықты акуладан қорғайтын жабдықтарсыз тұңғыш рет жүзіп өтті. Бұл туралы ВВС хабарлады.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 352
Фото - Caravan.kz

Аталған қашықтықты еңсеруге ол 53 сағат уақыт жұмсаған және оның жанында қайықпен 35 адамнан құралған команда қатар жүзіп отырды.

Осыған дейін Найад бұл арақашықтықты жүзіп өтуге төрт мәрте талпынған еді, алайда осы әрекеттері сәтсіз болды. 2012 жылы ол бұл сынақтан дауылдың салдарынан өте алмады.

Атап айтқанда, жүзушінің биылғы жылғы жеңісін тамашалауға Флорида жағалауына жүздеген адам жиналды.