"70 жастан асқанша жұмыс істеймін" деген әйел халықты алдай алмайды: Сәуле Әбілдаханқызы кімді меңзеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"70 жастан асқанша жұмыс істеймін" деген әйел халықты алдай алмайды: Сәуле Әбілдаханқызы кімді меңзеді?

"70 жастан асқанша жұмыс істеймін" деген әйел халықты алдай алмайды: Сәуле Әбілдаханқызы кімді меңзеді?

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы жаңа жазба қалдырып, оқырмандарын ойландырып қойды.

  • 29 Шiлде 2022
  • 1678
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"70 жастан асқанша жұмыс істеймін" деген әйел өзін алдаса да, халықты алдай алмайды…

Кеуіп, семе бастаған ағза мен мидың жұмысы қайбір дұрыс жұмыс бола қояр дейсің?.. Жүред те былықтырып, нән қақсал ұқсап, бірді бірге соғып…

Суперклеймен креслоға жабысып қалған жамбастың жұмысы рахат, әрине… сиыр саумайды, от жақпайды, алты бала, бес немереме деп, 50 мың тг пенсиясын дәріге, бәріне қалай жеткізсем екен деп жанталаспайды….

Ол сияқты 2 млн тг айлық алып, басқа заңды-заңсыз кірістерімізді калькуляторға салып, креслода шалқайып жатып, қалқып ішіп, шайқап төгіп, кабинет пен салонның арасын жол қылып жүрсек, бәріміз де 80-ге дейін "жұмыс істер" едік… Ал нақты міндетін орындауға келгенде былжырап, атала болған миымен өзгелермен алысып, отырад та, "көпбалалы аналар 16 мың тг алады, мұндай байлық ешбір елде жоқ!" деп қытай кеспесін бұқтырып… Креслода ұйықтап отырып 2 млн тг жалақы алатын жұмысты біз 70 емес, 100-ге дейін де істей алар едік", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Соңғы жаңалықтар