Министрдің айтуынша, «Еуроспорт», «Россия» секілді 4 телеарна Ақ Азиада ойындарынан жаңалықтар мен көрсетілімдер жасауда. «Бұл елімізде жалпы Азия ойындарына әлемнің көз тіге бастағанын көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстанның 2022 жылы Ақ Олимпиаданы өткізу мүмкіндігі үшін жақсы жарнама», — деді Т. Досмұхамедов.
Сонымен қатар министр Ақ Азиаданың өтуіне барлық қазақстандықтардың белсенді атсалысып жатқанын атап өтті. «Мен Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Рогге мырзаға алғысымды білдіремін. Соңғы өткен жазғы және қысқы Азия ойындарын жіберместен қатысып келеді. Бұл жалпы спорттың Азия құрлығына бет бұра бастағанын білдіреді», -деді министр.