Шетелдіктерді елге заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдіктерді елге заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топ ұсталды

Шетелдіктерді елге заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте полицейлер шетелдіктерді елге заңсыз кіргізіп келгендерге тосқауыл қойды.

  • 14 Сәуiр
  • 15
Фото: Caravan.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында түрлі мекеменің қызметкерлері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, погондылар іс-шарасында 28 жерде тінту шарасын жүргізген. Нәтижесінде ондаған шетел азаматының төлқұжаты, ұйымдастыру техникалары, байланыс құралдары, түрлі бланктар мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сондай-ақ ірі көлемдегі ақша мен тіркелмеген қару да анықталған.

Қылмыстық топты ұйымдастырушы делінген бір азамат қамауға алынды. Заңсыз көші-қонға қатысы бар тағы 13 адам полицияға жеткізілді. Ақшалай сыйақы үшін шетелдіктерді оңды-солды кіргізгендерге қатысты тергеп-тексеру басталды.

Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталғанын жазғанбыз.