8 наурызға сыйлық: елордалық аналарға 23 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 наурызға сыйлық: елордалық аналарға 23 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетіледі

8 наурызға сыйлық: елордалық аналарға 23 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетіледі

Астанада 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 7,7 мың адамға материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

  • 3 Наурыз 2014
  • 754
Фото - Caravan.kz


«Бірнеше жылдан бері жергілікті бюджет қаржысы есебінен 8 наурыз мерекесіне орай «Күміс алқамен» және «Алтын алқамен» марапатталған кәмелетке толмаған 4 және одан артық бірге тұратын баласы бар көп балалы аналарға, тұрақты қызмет ететін Ардагерлер кеңесі комиссиясының мүшелеріне бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Барлығы 7,7 мың адамды қамту жоспарланған», — деп хабарлады astana.kz сайтына ведомстводан.
Еске салайық, «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» ҚР заңына сәйкес «Күміс алқа» медалі алты баланы дүниеге әкеліп, алтыншы бала бір жасқа толған соң және басқа балалар тірі болса беріледі. Ал жеті және одан көп баласы бар аналар соңғы бала бір жасқа толғаннан кейін «Алтын алқа» медалімен марапатталады.